Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 12 Тамыз, 2022

Құрылыс саласы – экономиканың басты драйверлерінің бірі де бірегейі-Қайырбек Өскенбаев

Құрылысшылар күні қарсаңында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде сала қызметкерлерін марапаттауға арналған жиын өтті. Шараға қатардағы жұмысшылар, жобалаушылар, архитекторлар мен құрылыс саласының ардагерлері қатысты,-деп хабарлайды  ведомствоның баспасөз қызметі.

«Құрылыс саласы – экономиканың басты драйверлерінің бірі де бірегейі. Бұл сала отандастарымыздың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатының артуына және барша азаматтарымыздың баянды болашағын қамтамасыз етуге тың серпін береді. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында сәулетті де әсем ғимараттар бой көтеріп, түрлі әлеуметтік нысандар көптеп салынып жатыр. Сондықтан да, кәсіби мерекелеріңіздің қарсаңында сіздердің табанды еңбектеріңізге құрмет көрсетіп, ілтипат білдіруді ұйғардық», - деді министр Қайырбек Өскенбаев.

Ерен еңбегімен көзге түскен бір топ қызметкерге арнайы салалық марапаттар табысталды. Атап айтқанда, «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен «Granite» ЖШС бригадирі Құрман Кенжеғараев, «Bazis Construction» ЖШС мұнаралы кран айдаушысы Марат Мурбеков, «Иртыш-АС» ЖШС арматурашысы Асантай Мұсаев пен «Сапа» ЖШС техникалық қадағалау бөлімінің басшысы Болат Кизиев марапатталды.

Ал, «Құрметті сәулетші» төсбелгісі «Ғимарат-Горпроект» мекемесінің директоры Үсен Жұмагелдинге, «Құрметті жолшы» белгісі ДЭУ-62 көлік жүргізушісі Виктор Мишенин, «Қазавтожол» АҚ ақылы автомобиль жолдары департаментінің машинисі Валерия Духшерер және «ҚАЖ» Жамбыл облыстық филиалының бөлім басшысы Райхан Күлпешовке берілді.

Құрылыс саласының ардагері Көкен Дюсуповке «Еңбек ардагері» медалі салтанатты жағдайда табысталды.

 

Фото: gov.kz

487 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз