Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 13 Тамыз, 2022

Таразда Дінмұхамед Қонаевқа арналған ескерткіш ашылды

Тараз төрінде Дінмұхамед Қонаевтың еңселі ескерткіші бой көтерді, деп хабарлайды Kazgazeta.kz  z-taraz.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл. Көзі тірісінде-ақ өз халқының зор ықыласына ие болған, құрметіне бөленген ұлы тұлға, кемеңгер саясаткердің мерейтойында елдік іс атқару өскелең ұрпақ алдындағы асқаралы міндет.

Осыған орай Тараз төрінде Дінмұхамед Қонаевтың еңселі ескерткіші бой көтерді. Бұл ел деп туған тұлға алдындағы міндет пен борыштың орындалғанының көрінісі. Бүгініміз бен келешегімізді бекемдеген елдік іс.

Айтулы шараға облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров, «Қазақстанның Еңбек Ері», КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов, қоғам қайраткері, генарал-лейтенат Амангелді Шабдарбаев және Д.Қонаев атындағы халқаралық қордың президенті Елдар Қонаев қатысып, ескерткішті салтанатты түрде ашып берді.

Бұл қуанышқа ортақтасуға Астана, Алматы, Түркістан қалаларынан, Алматы және Түркістан облыстарынан құрметті қонақтар, халқын қапысыз сүйген тұлғаның көзін көрген ел ағалары, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысып, өз естеліктерімен бөлісті.

 

1223 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз