Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 13 Тамыз, 2022

БҚО-да полицейлер есірткі зертханасын жойды

Қарасора өсіретін жылыжайды Орал қаласының тұрғыны ұйымдастырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсіру үшін үйінің ауласына арнайы жабдықтар орнатып, тыңайтқыштар сатып алған. БҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора – 2022” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 51 жастағы ер адамның тұрғылықты жерінен заңсыз бақшаны анықтады.

– Үйдің ауласынан жасырын қоршалған бөлме табылды, оның ішінде қарасора тәрізді өсімдіктері бар бес пластикалық контейнер болды. Сондай-ақ гаражда наркозертханаға жабдықталған жасырын жертөле үй-жайын анықтадық. Қабырғалары арнайы материалмен қапталған, жарықтандыру өсімдіктерді өсіруге арналған жарықдиодты және жылу шамдарымен жабдықталған, сору жүйелері, градустық құрылғылары бар ауа ылғалдандырғыш орнатылған. Тінту кезінде қарасора тәрізді өсімдік бұталары, белгілі бір иісі бар жасыл өсімдік тектес зат, қарасора тұқымын орау, электрондық таразы, өсімдіктерді өсіруге арналған түрлі тыңайтқыштар тәркіленді. Тиісті сараптама тағайындалды, – деді БҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Әнуар Халелов.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігімен (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

406 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз