Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 13 Тамыз, 2022

Алдағы жылдарда 2 млн-нан астам жаңа жұмыс орны құрылады

 2025 жылға дейінгі еңбек нарығын дамытудың кешенді жоспарын іске асыру барысында 2 млн-нан астам жұмыс орны құрылады, деп хабарлайды  Ашық НҚА порталы.

«Қазақстанда еңбек нарығын дамытудың басты бағыты - жаңа жұмыс орындарын құру. Бүгінде жұмыс орындарын ашу жұмыстары ұлттық және инвестициялық жобалар, өңірлерді дамыту шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыру бағдарламалары аясында іске асып жатыр. Еңбек нарығын дамытудың Кешенді жоспарын іске асырудың барлық кезеңінде 2 млн-нан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда», - деп жоспарларымен бөлісті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Ведомство дерегінше, соңғы 10 жылда цифрлық еңбек платформаларының саны 5 есе өскен. Тиісінше, олар көптеген адамдар үшін ақша табудың және кәсіби дамудың негізгі тәсіліне айналды. Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сәйкес, 2021 жылы өзі қалаған уақытта жұмыс істейтін, ұйымға тәуелділігі жоқ азаматтар үлесі - 40 пайызға артқан. Бүгінде елімізде осындай тәртіппен жұмыс істетін 300 мыңға жуық фрилансер бар.

Фото: ашық дереккөзден

353 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз