Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 13 Тамыз, 2022

«Қайрат» ширек финалға жолдама алды

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңінің алтыншы турының алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл күнгі соңғы екі кездесуде А тобында Алматының «Қайраты» өз алаңында «Атырау» командасынан 3:0 есебімен басым түсті. Бұл топтағы тағы бір кездесуде Павлодар облысының «Ақсу» клубы Шымкенттің «Ордабасы» командасына 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Аталған топтан «Қайрат» пен «Ордабасы» ширек финалға жолдама алды.

Сондай-ақ, В тобында ақтаулық «Каспий» өз алаңында «Ақжайықты» 2:1 есебімен тең түссе, «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Тараз» 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Енді 14 тамызда 18:00-де D тобында «Жетісу» (Талдықорған) мен «Тұран» (Түркістан), 19:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Астана» (Нұр-Сұлтан), 21:00-де С тобында «Ақтөбе» мен «Тобыл» (Қостанай), В тобында «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қызылжар» (Петропавл) ойындары басталады.

Фото: ФК Кайрат / FC Kairat

327 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз