Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 14 Тамыз, 2022

Нұр-Сұлтанда Ironman жарысына байланысты жолдар жабылды

Бүгін елордада Ironman халықаралық триатлон жарыстары өтуде, - деп хабарлайды 24.kz

Осыған байланысты Бейбітшілік пен Келісім сарайы маңындағы Момышұлы және Тәуелсіздік даңғылдары, Байтұрсынов, Қалдаяқов және Нәжімеденов көшелері жартылай жабылды. Сонымен қатар жарыс өтетін Достық, Әлихан Бөкейхан, Керей-Жәнібек, 38-көшелері, Мәңгілік Ел және Ұлы Дала даңғылдарында қозғалыс шектелді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жабылған көшелердің толық картасын навигациялық қосымшадан онлайн көруге болады. Сондай-ақ жолаушылар көлігінің қозғалыс сызбасы өзгерді. Қала тұрғындары мен қонақтарынан маршрутты алдын-ала жоспарлауды сұрайды.

Фото: Ticketon.kz

229 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз