Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 14 Тамыз, 2022

Биыл 8,8 млн адам жұмыспен қамтылған – статистика

2022 жылы II тоқсанда Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 8,8 млн адам жұмыспен қамтылды,-деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы.

Олардың 6,7 млн-ы яғни, жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,1%  жалдамалы қызметкер болса, 2,1 млн адам, жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 23,9% өзін-өзі жұмыспен қамтушылар.

Жалпы жұмыспен қамту 2021 жылғы I I тоқсанмен салыстырғанда 23,1 мың адамға, соның ішінде жалдамалы қызметкерлер есебінен 20,4 мың адамға өсті.

 

Толық жұмыспен қамтылмағандар саны 2022 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 9,1% өсіп, 277,2 мың адамды құрады. Қызметкерлердің бұл санатына жұмыс көлемінің төмендеуіне, жұмыс берушінің бастамасы бойынша, сырғымалы жұмыс кестесіне және басқа да себептермен аз жұмыс істегендер кіреді.

2022 жылы II тоқсанда жұмыссыздық деңгейі (ХЕҰ әдістемесі бойынша) тұрақты болып, 4,9% құрады. Жұмыссыздар саны 452 мың адам болды.

Жұмыссыз жүрсе де оны іздемеген немесе жұмысқа кірісуге дайын болмаған адамдар (потенциалды жұмыс күші) саны 2022 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 18,4% азайды және 51,5 мың адамды құрады.

15-28 жастағы* жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8%, NEET жастарының жұмыссыздығы, яғни білім алумен немесе кәсіби даярлықпен айналыспайтын жастардың үлесі  – 6,5%.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2022 жылғы шілде айының соңына 229,1 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Олар жұмыс күшінің 2,5%-ын құрады.

 

Анықтама:

Жұмыссыздар (Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына сәйкес) – бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар.

* Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес.

Фото: көрнекі

2052 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз