Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 14 Тамыз, 2022

Қарағандылық полицейлер блогерлермен бірлесіп түнгі рейд өткізді

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері блогерлермен бірлесіп “Алматы – Екатеринург” тас жолында түнгі рейд өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов жол қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында патрульдік полиция батальоны қызметкерлері және блогерлермен республикалық маңызы бар тас жолға шығып, рейдтік іс-шаралар өткізді.

Басты мақсат – күн санап өсіп келе жатқан жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

“Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, қазіргі уақытта жол-көлік оқиғаларының тіркелуі, сонымен қатар оқиға салдарынан адамдардың қаза болуы мен жарақат алуы азаймай отыр. Жыл басынан бастап облыс аумағында 232 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 103 адам қаза тапса, 266 адам әртүрлі жарақат алды”, – деді Құрманғали Ысмағұлов.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі, яғни 99 факті жаяу жүргіншілерді қағып кету болса, 73-і көліктердің соқтығысы, ал 51 факті көлік басқаруына ие бола алмай аударылу болып отыр.

Жол-көлік оқиғаларының болуының басты себептерінің бірі: жылдамдықты шектен тыс асыру (90 ЖКО), жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін бұзу (74), сондай-ақ жолдың қарсы бағытына шығу (19).

Қарағанды облыстық Полиция департаменті көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

 

285 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз