Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 14 Тамыз, 2022

Атырау облысында 11 жастағы қыз суға батып кетті

Атырау облысында 2011 жылы туған қыз суға батып кетті. Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызметінің хабарлауынша, ол рұқсат етілмеген жерде суға түскен.

Оқиға 13 тамыз күні сағат 13:50 кезінде болған. Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Хиуаз ауылының маңында 2011 жылы туған қыз Шароновка өзеніне батып кеткен. Оны сағат 15:40-тан бастап 25 адам іздеген. Сағат 23:00-де іздеу жұмыстары таңға дейін тоқтатылды.

14 тамызда сағат 8:45-те жергілікті тұрғындар қыздың денесін тауып алып, судан шығарған.

442 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз