Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 14 Тамыз, 2022

Әлихан Смайылов мектеп формасы мен канцеляриялық тауарлар бағасына қатысты нақты тапсырма берді

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мектеп формасы мен канцеляриялық тауарлар бағасын қымбаттатпауды тапсырды.

Бұл туралы Әлихан Смайылов өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Санаулы күндерден соң жаңа оқу жылы басталады. Ата-аналар балаларының мектеп формасы мен аяқ киімдерін, оқу құралдарын түгендеу қамына кірісті. Алайда олардың бағасы ең өзекті мәселенің бірі болып отыр.

Әлбетте, баға саясатына әлемдік логистиканың қымбаттауы, шикізат пен қызметтердің құны тікелей әсер етеді. Бірақ Үкімет пен әкімдіктерде қазақстандықтар үшін қаржылық шығындарды жеңілдетуге мүмкіндік беретін механизмдер бар.

Бұл ретте, мен бірқатар шұғыл шараларды қабылдауды тапсырдым»,- деді Премьер-Министр.

 

Фото: көрнекі

 

 

 

303 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз