Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 14 Тамыз, 2022

Ақмолада белгісіз зат жарылып, үй иесі көз жұмды

Бүгін Ақмола облысы Целиноград ауданы Тайтөбе ауылының жеке тұрғын үй аумағында көмір түсіру кезінде белгісіз зат жарылды, деп хабарлайды Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Оқиғаның салдарынан 1981 жылы туған үйдің иесі қаза болды. Тілінген жараларымен Нұр-Сұлтан қаласының №2 ауруханасына үй иесінің ағасы – 1977 жылы туған ер адам және ағасының 2018 жылы туған кәмелетке толмаған ұлы жатқызылды.

Қазіргі уақытта полиция жедел тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Фото: inform.kz

465 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз