Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 14 Тамыз, 2022

Асқар Омаров Мойынқұм ауданының тұрғындарымен кездесті

ҚР Ақпарат жіне қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Жамбыл облысына сапары аясында Мойынқұм ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды aqparatqogam ресми Телегерам-арнасы.

Кездесуде Асқар Омаров министрліктің іске асырған жобалары, атқарған жұмыстары мен негізгі міндеттері туралы айтып берді.  Тұрғындар өздерін толғандырып жүрген өзекті сұрақтарын қойды. Атап айтсақ,  аудандағы газ, ауыз су, ұялы телефон және интернет байланысы, жедел жәрдем, көп балалы аналардың жәрдемақысы мәселелері айтылды. Мәселен, Қылышбай ауылынан келген зейнеткер Света Сәкиева жолды асфальттау, ұялы байланыс, ауыз су сапасының жайын жеткізді.

Тұрғындар жастар жайы, орман ағашын пайдалану мәселелерін көтерді. Асқар Омаров жергілікті жерде шешілуге тиісті мәселені аудан және облыс әкімдігі өкілдерімен бірге талқылады. Ал республикалық деңгейде қаралатын сұрақтарды тиісті органдарға жеткізетінін айтты.

Асқар Омаров бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг өткізді.

Сондай-ақ министр Мойынқұм аудандық мешітінде дін қызметкерлерімен кездесіп, “Мойынқұм таңы” газетінің жұмысымен танысты.

Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, өтініштеріне құлақ түрді.

 

Фото: @aqparatqogam

110 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *