- Шартарап
- 15 Тамыз, 2022
Испанияның Сарагоса провинциясында орман өртіне байланысты 1 500 адам эвакуацияланды

Испанияның Сарагоса провинциясында орман өртіне байланысты 8 ауылдың халқы – 1 500 адам эвакуацияланды. 300-ден астам өрт сөндіруші жалынның ірі елді мекендерде таралмауына жол бермеуге тырысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат еuronews-ке сілтеме жасап.
Өрт сенбіде басталып, бір тәулікке жетер-жетпес уақыт ішінде 200 шаршы шақырымға жуық аумақты шарпыды. Бұған 60 км/сағ жылдамдығымен соққан жел әсер еткен.
Ал, Португалияда бір күн бұрын ел тарихындағы ең алапат өрттердің бірі бақылауға алынды. Бір апта ішінде Серра-да-Эштрела тауларында жалын 16 мың гектар орманды шарпыды. Бірақ, өртті толықтай сөндіру үшін әлі де күш салынуы керек.
Тарихындағы ең ірі өрттердің бірінен аман қалған Францияда күш құрылымдары апаттың алдын алуға ден қойды. Жиронда от қоюшыларды іздейтін жандармерияның тәжірибелік бөлімі жұмысқа кірісті. Мотоцикл мен велосипед мінген офицерлер жандармдардың, орманшылардың және өрт сөндірушілердің функцияларын біріктіре отырып, орман алқаптарын аралап жүр.
Фото: David McNew/Getty Images

577 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *