Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Тамыз, 2022

Астанада автобус бағыттары уақытша өзгерді

Елордада көшедегі жөндеу жұмыстарына байланысты № 18, 28, 50, 52, 53, 60, 61 бағыттарындағы қоғамдық көліктердің бағыттары уақытша өзгерді.

«Сауран көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты № 18, 28, 50, 52, 53, 60, 61 бағдарларының қозғалыс сызбасына уақытша өзгертулер енгізілді. Өз бағдарларыңызды алдын-ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», - деп жазды City Transportation Systems компаниясы әлеуметтік желідегі парақшасына.

Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап танысуға болады.

Фото: astana.gov.kz

338 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз