Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 15 Тамыз, 2022

Месси "Алтын допты" кім алатынын айтты

"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы, 2005 жылдан бері алғаш рет "Алтын допқа" үміткерлер тізіміне кірмей қалған Лионель Месси бұл сыйды алатын футболшыны атады.

"Осы жылға еш күмән жоқ деп ойлаймын. Карим Бензема маусымды тамаша өткізді", - деп береді Мессидің сөзін Football Espana твиттер желісінде. 

Айта кетейік, 35 жастағы Месси "Алтын допты" жеті рет иеленген. 

34 жастағы Бензема 2021/22 маусымындағы 36 матчта 44 гол салып, 15 ассист жасады. "Реалмен" бірге франциялық ойыншы Испания чемпионаты мен суперкубогін, Чемпиондар лигасы және УЕФА суперкубогін жеңіп алды.

 Фото: © REUTERS / Pascal Rossignol

455 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз