Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 15 Тамыз, 2022

Түркістанда мас күйде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістанда мас күйде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, патрульдік полицей Нұрлан Күзжанов қызмет атқару кезінде сағат 16:00 шамасында қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан Toyota Camry көлігін тоқтатты. Содан соң жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның мас күйіне күмәнданып, медициналық сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысына сәйкес, автокөлік жүргізушісінің мас күйі расталды.

Полиция қызметкерлері аталған жайтқа байланысты күдікті азаматты қамауға алып, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Сонымен қатар, заңды шешім қабылдау үшін жинақталған іс құжаттар Түркістан қалалық мамандандырылған сотына жолданды. Сот аталған жүргізушіні кінәлі деп танып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыруға үкім етті.

319 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз