Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 15 Тамыз, 2022

Рыбакина, Путинцева және Дияс WTA рейтингінде көтерілді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемнің үздік теннисшілерінің жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина екі сатыға көтеріліп, қазір 25-орында тұр. Торонтодағы турнирдің ширек финалына шығуының арқасында Юлия Путинцева бірден сегіз сатыға көтеріліп, 38-орынға жайғасты. Зарина Дияс үш сатыға көтерілді.

Жұптық рейтингтегі қазақстандықтар арасындағы үздік теннисші Анна Данилина 21-орында қалды.

WTA рейтингінің топ-10 қатарына румыниялық Симона Халеп енді. Торонтодағы турнирдің жеңімпазы атанған ол бірден тоғыз сатыға көтеріліп, Арина Соболенко, Джессика Пегула, Габи Мугуруза және Дарья Касаткинаны жылжытып, алтыншы орынға тұрақтады.

WTA. рейтингі. 15 тамыздағы орындар
1 (0). Ига Свентек (Польша) – 8501
2 (0). Анетт Контавейт (Эстония) – 4476
3 (+1). Мария Саккари (Грекия) – 4190
4 (-1). Паула Бадоса (Испания) – 4155
5 (0). Онс Жабер (Тунис) – 3920
6 (+9). Симона Халеп (Румыния) – 3267
7 (-1). Арина Соболенко (Беларусь) – 3087
8 (-1). Джессика Пегула (АҚШ) – 2886
9 (-1). Гарбинье Мугуруса (Испания) – 2743
10. (-1). Дарья Касаткина (Ресей) – 2717
25 (+2). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 1765
38 (+8). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 1325
241 (+3). Зарина Дияс (Қазақстан) – 275
380 (-4). Анна Данилина (Қазақстан) – 147
493 (-2). Жібек Құламбаева (Қазақстан) – 92
584. (+3). Гозаль Айнитдинова (Қазақстан) – 66
983 (-4). Екатерина Дмитриченко (Қазақстан) – 17

Фото wtatennis.com

325 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз