Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Тамыз, 2022

Алматы әкімдігі дизельдік отын мәселесін шешу жолын қалыптастырып жатыр

Алматы қаласының әкімдігі Энергетика министрлігімен бірлесіп, ірі жанармай құю станцияларының желілеріне дизельдік отынның үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуге көмек көрсетіп жатыр.

Мегаполистегі жанармай құю станцияларына дизельдік отын үш қазақстандық мұнай өңдеу зауытынан (Павлодар, Атырау, Шымкент) жеткізіледі.

«Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы көтерме жеткізушілермен бірлесіп, тұрғындарды қажетті көлемде дизельдік отынмен қамтамасыз ету мәселесін пысықтауда. Дүрбелеңді болдырмау мақсатында мұнай базалары мен жанармай құю бекеттеріндегі дизельдік отынның келісім-шарттық көлемдерінің қорларына тұрақты мониторинг жүргізілуде, жол бойында дизельдік отынмен қамтамасыз етуде іркілістерді болдырмау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен келісім бар. Мегаполисті дизельдік отынмен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда», - деп хабарлады әкімдіктен.

Қалада тұтыну көлемінің өсуі басқа аймақтардан келетін ауыр транзиттік көлік иелерінің дизельдік отынға сұранысының артуына байланысты орын алған.

Бүгінде Алматыда 220 жанармай құю бекеті жұмыс істейді. Оның 80 проценті алты ірі компанияға тиесілі.

Фото: oilpoint.com.ua

367 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз