Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 16 Тамыз, 2022

Испанияда орман өрті, Ауғанстанда су тасқыны орын алды

Еуропа елдерінде орман өртімен күрес жұмыстары әлі де жалғасуда. Онда жоғары ауа температурасы мен күшті, кейде бағытын өзгертетін жел қиындық тудыруда. Биыл корольдікте өрт апаты 250 мың гектарға жуық аумақты шарпыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аликанте провинциясында қызыл жалын әлі бақылауға алынған жоқ. Өрт ошақтарын сөндіруге әскерилер де қосылып, техника жұмылдырылды.

Валь-де-Эбо елді мекенінің жанындағы өрт 3,5 мың гектар орманды жойды. Өткен демалыс күндері қауіпті жерлерден 1200 адам эвакуацияланды. Сарагоса провинциясындағы Аньон-де-Монкайо муниципалитетінің аумағында 1,5 мыңнан астам тұрғын үйлерін тастап кетті.

Бүкіл Еуропа елдерінде өрт саны көбейіп, Ұлыбритания сияқты суық елдерге де әсерін тигізуде. Дүйсенбіде Суррей графтығында үй жанып кетті. Өрт сөндірушілер жануарларды құтқарып үлгерді. Ұзақ уақыт бойы аптап ыстық болған Суррейде қазір найзағай күтілуде.

***

Жексенбіде Ауғанстанның шығысындағы Шинвари округіндегі және Парван провинциясындағы іргелес ауылдарды басып қалған су тасқынынан кем дегенде 17 адам көз жұмды, ондаған үйді су шайып кетті. Бұл туралы дүйсенбіде округ басшысы Молла Хан Мұхаммад мәлім етт.

Шенеуніктің айтуынша, жексенбі күні кешке толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқынынан Шинвари округінде 13 адам және көршілес Сиагурд ауданында тағы 4 адам көз жұмды.

Ол бірнеше жергілікті тұрғынның хабар-ошарсыз кеткенін, құрбандар мен материалдық шығындардың нақты саны әлі анықталмағанын айтты.

Соңғы айларда Ауғанстандағы нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарынан 200-ден астам адам көз жұмды, бірнеше ондаған тұрғын зардап шекті.

Фото: 24.kz

700 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз