Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Тамыз, 2022

Қазақстандағы құрылыс жұмыстары 8,6% ұлғайды

Биылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстандағы құрылыс жұмыстары 8,6% ұлғайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

«Жыл басынан бері құрылыс жұмыстарының көлемі 8,6%-ке ұлғайды, 17 өңірде өсім тіркелген. Әсіресе, құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғары өсуі Алматы, Ақмола және Ұлытау облыстарында, Шымкент қаласында. Ал, құрылыс жұмыстары көлемінің төмендеуі Маңғыстау, Абай және Жетісу облыстарында байқалды», - деді Ұлттық экономика министрі бүгінгі Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, қаңтар-шілде айларында 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2021 жылғы осы кезеңнен 0,8%-ке төмен болып отыр. Оң өсу 14 өңірде тіркелді. Ең жоғары көрсеткіштер Түркістан, Павлодар және Қостанай облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында. Ал, төмендеу Ұлытау, Маңғыстау, Атырау, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалды.

Айта кетейік, Үкіметте Қазақстанның қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қаралып жатыр. ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың баяндауынша, аталған кезеңде Қазақстан экономикасы 3,3%-ке өскен.

Фото: Досжан Балабекұлы / Қазақ газеттері

472 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз