Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Тамыз, 2022

Сауалнама нәтижесі экономиканың қазіргі ахуалы бизнесті жүргізуге кедергі екенін көрсетті

Биылғы жылдың II тоқсанында жүргізілген сауалнамаға 3 343 кәсіпорын қатысқан, оның ішінде 1 576-сы ірі және орта кәсіпорын болды. 

Мониторинг нәтижесі дайын өнім өндіру көлемінің ұлғаюына, дайын өнім бағасының өсуіне, өткізу рентабельділігіне, сондай-ақ активтер мен айналымдағы қаражаттардың айналымына байланысты нақты сектордағы экономикалық белсенділіктің оң динамикасы жалғасып келе жатқанын көрсетті. Бұл туралы  ҚР Ұлттық банктің ресми сайты жариялаған Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесінде айтылды. 

2022 жылдың II тоқсанында дайын өнімге сұраныс біршама баяулады. Диффузиялық индекс (ДИ) 52,7-ден 51,3-ке дейін өзгерді. Көрсеткіштің баяулағаны тауар өндіру (52,0) мен қызмет көрсету (50,8) секторларында, сондай-ақ тау-кен өндіру (53,0) мен өңдеу (52,2) өнеркәсібінде байқалды.

Кәсіпорындарда дайын өнімге баға өсу қарқыны ұлғайды, ДИ 66,0 болды. Сонымен қатар тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде бағаның өсуі баяулаған (ДИ тиісінше 63,8 және 68,1 дейін өзгерді).

Бұрынғыдай, кәсіпорындар Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы бизнесті жүргізуге кедергі екенін айтады. Сауалнамаға қатысқан кәсіпорындардың 38,9%-ы бұны растады. Басқа кедергі: бәсекелестік (28,0%); салық деңгейі (23,3%); сатып алушыларды іздестіру (23,0%); білікті мамандардың жетіспеуі (21,6%); дебиторлық берешекті қайтарудың күрделілігі (12,9%) болды. Қаржыландыруға қолжетімділік маңыздылығы жағынан 8-орында (12,5%) тұр.

2022 жылдың II тоқсанында сауалнама геосаяси жағдайдың және Ресей Федерациясына қарсы енгізілген санкциялардың кәсіпорындардың қызметіне әсері туралы сұрақпен толықтырылды.

Кәсіпорындардың 54,3%-ы геосаяси ахуал мен тиісті санкциялар олардың қызметіне кері әсер еткенін мәлімдеді, бұл ретте кәсіпорындардың 12,0%-ның бизнесі едәуір зардап шеккен. Ал респонденттердің 41,8%-ы геосаяси жағдайдың әсер ете қоймағанын атап өтті.

Нақты сектордағы кәсіпорындардың сауалнамаларын біріктіріп бағалауды білдіретін композиттік озық индикатор (KOИ) 100,4-ке дейін өсті.

 

Фото: ашық дереккөздерден алынды

268 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз