Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Тамыз, 2022

Қант нарығында тапшылық неден болғаны анықталуда

ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин қант нарығында тапшылық неден болғаны тергеу қорытындысында анықталатынын айтты.

«Қазір қант нарығында заң бұзу белгілері байқалып отыр. Монополияға қарсы орган тергеуді бастады. Қант бойынша айналым схемасына айтарлықтай көп қаражат бөлдік. Көктемгі дала жұмыстарына 140 млрд теңге бөлінген болатын. Айналым схемасына 100 млрд теңгеге жуық ақша бөлінді. Неге бұл қаражат қант зауыттарына жетпеген? Анық-қанығын айқындау керек», - деді министр.

Сондай-ақ, ол қант нарығында монополия орнатуға әрекет еткен компанияны атады.

«Ол бойынша қазір тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Соның қорытындысы шығуы керек. Ол шикі қантты сатып алуға, өндіруге ақша берген. Енді ақша берген адам 90 пайыз қантты сатамын деп өзіне алып алған. Ол деген – бизнес, әрине. Не болғанын түсінуіміз керек. Проблема неден шықты? Неге айналым сехмасына берілген 100 млрд теңге әкімшіліктен бірден зауыттарға бармады? Заңсыздық белгісі бойынша тергеу басталды. Қорытындысын монополияға қарсы орган айтуы керек. Ол «КаИс Инвест» деген компания», - деді ведомство басшысы.

Фото: Opennews.kz

94 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *