Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Тамыз, 2022

Алматыда педагогика қызметкерлерінің тамыз конференциясы өтеді

Алматыда 17 тамызда педагогика қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясының пленарлық секциялық отырысы өтеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Оқу-ағарту министрлігі Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әйгерім Күдеринова мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, биылғы тамыз конференциясының тақырыбы «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикық сүйемелдеу» болады.

«Конференцияның негізгі мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балалардың арнайы және инклюзивті білім алуының өзекті мәселелерін талқылау, тәжірибе алмасу, арнайы білім беру үшін педагог кадрлар даярлау, білім беру қызметтерінің сапасын қорытындылау мәселелері. Сонымен қатар, бұл педагогикалық қоғаммен диалог болады. Іс-шараға жаңашыл педагогтар, білім беру ұйымдарының үздік басшылары, сарапшылар мен ата-аналар қоғамының өкілдері қатысады. Спикерлер дөңгелек үстелдер, шеберлік сыныптары мен презентациялар өткізеді», - деді Әйгерім Күдеринова.

Оның айтуынша, елімізде бүгінде 457 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде облыстар мен қалалар бойынша арнайы мектепке дейінгі ұйымдар – 45, арнайы мектеп ұйымдар – 99, психологиялық-педагогикикалық түзеу кабинеттері – 213, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер – 87, оңалту орталықтары – 13.

Ал ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу инклюзивті білім беруді іске асыратын жалпы білім беретін мектептер мен балабақшаларда, жалпы білім беретін ұйымдар жанындағы арнайы топтар мен сыныптарда да жүзеге асырылады.

261 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз