Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 16 Тамыз, 2022

Адамға қалай қарасаң, ол да саған солай көрінеді

Еврей мақал-мәтелдері


Өзгені өзгертің келсе, алдымен өзіңді өзгерт.

* * *
Өткені туралы айта беретіндердің бүгінінде мақтанатын түгі жоқ.

* * *
Ешкімге қызғанышпен қарама, қызғаныш саулығыңды құртады.
 
* * *
Әйелді ұзақ таңдаған - ең жаманына жолығады.

* * *
Ең әдемі әйел – сары шашты, ең қылықты әйел – қара шашты, ал ең адалы – ақ шашты болады.

* * *
Әйелдер қашан сөйлегенше ғана әдемі, тартымды және жағымды.

* * *
Махаббат тоқтаса, онда оның әлі басталмағаны.

* * *
Адамдар "тәжірибе" деп өздерінің қателіктерін атайды.

* * *
Қандайда бір іс біткенде ақылшылар табыла кетеді.

* * *
Құдай адамның жүрегін жаралағысы келсе, оған көбірек ақыл береді.

* * *
Біреу басыңа шықпасын десең, аяғына жығылма.

* * *
Үйдің қожасы көп болса, қонақ аш қалады.

* * *
Біреуді қызғану – өзіңді одан кем көру.

* * *
Өзгені тыңдағысы келмейтіндердің даусы қатты шығады.

* * *
Ақымақтар шыға алмайтын жерге ақылдылар кіре алмайды.

* * *
Кейде үлкен даналық – наданның сөзін айтпауымен көрінеді.

* * *
Адам қартайғанда нашар көреді, бірақ көбірек байқайды.

* * *
Біреуден құтылғың келсе, қарыз бер.

* * *
Жақсылыққа тезірек жауап бер, жамандыққа жауап беруді кейінге қалдыр.

* * *
Біреуді ешкімнің ұнатпауы қасірет, бірақ бәрі жақсы көретін адамнан сақ бол.

* * *
Әркім өзгені өзінің азғындық дәрежесімен кінәлайды.

* * *
Сізді сыйлайтын жерге жиі бармаңыз, ал жек көретін жерге жоламаңыз.

* * *
Бәрі ақшасының аздығына қиналады, ақылының аздығына - ешкім.

* * *
Жамандық келгенше ешкім жақсылықтың қадірін білмейді.

* * *
Құдай барлық жерде бір мезгілде бола алмайды, сондықтан ананы жаратты.

* * *
Жауыңның ақылды болғаны емес, досыңның ақымақ болғаны қорқынышты.

* * *
Құдай адамға көп тыңдап, аз сөйлеу үшін екі құлақ, бір ауыз берген.

* * *
Бәріне жақсылық жасай беретіндер ешкімнен алғыс алмайды.

* * *
Біреудің ақымақтығынан сабақ алуды үйрен.

* * *
Жақсылық есте ұзақ сақталады, жамандық одан да ұзақ уақыт естен кетпейді.

* * *
Адамға қалай қарасаң, ол да саған солай көрінеді.

* * *
Ең жақсы сөз – керең де еститін сөз.

* * *
Тістеу қолыңнан келмейтін болса, тісіңді көрсетпе.

* * *
Егер кітап пен алтын қолыңнан түсіп кетсе, кітапты бірінші көтеріп ал.

* * *
Екі адам ғана сенің өліміңе сенбейді: сені жақсы көретіндер мен жек көретіндер.

* * *
Өзінің барлық проблемасын айтып, қуанышын білдірмейтін адамға сенбе.

* * *
Барлығы уақытқа қарайды, ал уақыт ешкімге қарамайды.

* * *
Егер ақылды ақымақпен әңгімелесіп отырса, онда екі ақымақтың сөйлесіп отырғаны.

* * *
Кәріліктен қорықпа, жалғыздықтан қорық.

* * *
Қиналмай уәде беретінге сенбе.

* * *
Қарызды жұрт көзінше, сыйлықты жасырып бер.

* * *
Егер өмірің жақсармаса күт, ол нашарлай түседі.

* * *
Желкеңе мініп алмасын десең, тым иіле берме.

* * *
Жауыңа жақсылық жаса, ол білсін және ұялсын.

* * *
Құдайды күнәларымызбен, адамды абыройымызбен ашуландырамыз.

©Орыс тілінен аударған Ахмет Өмірзақ

Фото: көрнекі

2339 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз