- Инфографика
- 18 Тамыз, 2022
Бірінші жартыжылдықта жалпы ішкі өнім 104,3% құрады

Алдын ала деректер бойынша 2022 жылғы қаңтар-маусымдағы Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты көлем индексі (НКИ) өткен жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,3% құрады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Ең жоғары өсім Құрылыс – 9,2%, Көлік және қоймалау – 6,2%, Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 6,2%, Өңдеу өнеркәсібі – 5,8% және Тау-кенөндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу – 1,9% салаларында байқалды.
ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылады.
ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.
2022 жылғы 1 жартыжылдық бойынша нақтыланған есепті деректер ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде жарияланады.

2705 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *