Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 19 Тамыз, 2022

Тюринген дидаргүлі

Тюринген дидаргүлі-көп жылдық өсімдік. Ол Шығыс Еуропа мен Оңтүстік Батыс Азияда, Германияның оңтүстігінен Италияның оңтүстігіне дейін, Ресей, Қазақстан және Түркияда кең таралған. 

Таулы шалғындарда, беткейлерде, тыңайған жерлерде, бұталар мен алқаптарда, сондай-ақ бақшалар мен олардың арасында арамшөп ретінде кездесетін шалғынды даланың кәдімгі өсімдігі. Таулы жерде 2000 м биіктікке дейінгі аралықта өсе береді. 

Биіктігі 50-125 см көпжылдық өсімдік. Сабағы қарапайым немесе жоғарғы жағында тармақталған. Жапырақтары 3-5 бөлікті, дөңгеленген, бүйрек тәрізді немесе кең жұмыртқа тәрізді. Маусым-қыркүйек айларында гүлдейді. Алматыда Бас ботаникалық бақта өсіріледі. 

Фото: Досжан Балабекұлы / Қазақ газеттері

 

3973 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *