Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 22 Тамыз, 2022

Бәрінің бір себебі бар...

2001 жылы 11-ші қыркүйектегі шабуылдан кейін Дүниежүзілік сауда орталығында кеңсесі бар бір компания өзінің  тірі қалған қызметкерлеріне қандай себептермен аман қалғаны туралы сауалнама жүргізген екен ...
Адамдар өте қарапайым себептермен аман қалыпты:
- Ұлының балабақшаға баратын алғашқы күні болғандықтан компания директоры жұмысқа кешігіп келіпті ...
- Бір әйелдің сағатының қоңырауы шырылдамағандықтан кеш ояныпты ...
- Бір қызметкер жолда жазатайым оқиға болғандықтан жұмысқа кешігіпті ...
- Біреуі  автобустан  кешігіп қалыпты ...
- Бір әйел киіміне кофе төгіп алғандықтан киім ауыстыруға мәжбүр болыпты ...
- Ал ендібіреуі үйден шыққан кезінде телефоны шырылдап, үйге қайта кіріп, қоңырауға жауап берген...
- Біреуі көлігіне от алдыра алмай біраз уақыт сасқалақтапты ...
- Тағы біреуіне біраз уақыт бойы таксилер тоқтамай қойыпты ...
- Бір әйел кенеттен толғатып, ауруханаға барған ...
- Тірі қалған ең қызықты оқиғалардың бірі-сол күні таңертең біреуі жаңадан сатып алған ботинкасын  киіп шығады. Бірақ жолда өкшесін қажағандықтан дәріханаға барып, жараға жапсыратын лента алып жұмысынан кешіккені оның тірі қалуына себеп болған екен ...
СОНДЫҚТАН МЕН:
Көлік кептелісінде тұрғанда ...
Лифтке  сәл уақыт үлгермей қалған кезде...
Күткен адамым қоңырау шалмай кешіккен кезде...
Мені ренжітетін басқа да көптеген нәрселер болған кезде...
«Дәл қазір, дәл осында, болуға тиіс ең қолайлы жердемін», - деп ойлайтын болдым ...
Қайсыбір таңда балаларың тез киінбей кешіктірсе, кілттерің тез табылмай сасқалақтасаң,  барлық бағдаршамдарда қызыл жанып тұрып алған секілді сезілсе ашуланба, тыныштал ...
Болуға тиіс жерде, дәл уақытымда тұрмын деп ойла...

 

Facebook әлеуметтік желісінен

Фото: ашық дереккөздерден

1951 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз