Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 23 Тамыз, 2022

Нарғызгүл

Жаздың соңғы айы да бақша гүлдері үшін тамаша уақыт. Сондықтан осы кезеңде гүлейтін нарғызгүлінің әсем гүлдерін бақтардан, аулалардан, саябақтардан көруге болады.

Нарғызгүл – астралылар тұқымдасына жататын баданалы, көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Оңтүстік Америкада өсетін 15 түрі белгілі. Елімізде қолдан өсіріледі. Гүл шорығында будандастырылған (негізінен құбылмалы нарғызгүлден алынған) 8 мыңнан астам сорты пайдаланылады. Биіктігі 20 – 200 см-дей, тамыры жуан, түйнекті болады, сабағының іші қуыс. Қауырсынды жапырақтарының шеті тілімденген, олар сабаққа қарама-қарсы орналасады. Гүлдерінің түсі алуан түрлі, гүлшоғыры – себет (оның диам. 35 см-дей). Нарғызгүлдер – жарық пен жылу сүйгіш өсімдіктер, құнарлы топырақты қажет етеді. Нарғызгүлдерді тұқымынан өсіру, бадана ұяларын бөліп алу жолымен қалемшелерінен көбейтеді. Өсімдіктің гүлшоғыры ірі болу үшін отырғызар алдында 2 – 3 мықты өркенді қалдырып, әлсіз өркендерді кесіп тастайды. Қыста жақсы сақтау үшін баданаларын суық түскенге дейін қазып алады. 

Фото: Досжан Балабекұлы 

8348 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз