Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 25 Тамыз, 2022

Тұңғиық

Тұңғиық – өзі аттас тұқымдасқа жататын су өсімдіктері. Қазақстанда 2 түрі бар.

Жапырақтары дөңгелек, енді, суда қалқып тұрады. Қанық түсті гүлдері хош иісті. Сабақтары ұзын, гүлдері ақшыл реңді, қызыл түсті. Тұқымдары қатқыл, қоңыр-сұр түсті.

Тұңғиықтың тамырсабағы - қызғылт-сұр түсті, дәмі картоп дәміне ұқсас. Оның құрамында түрлі талшықтар, С, В-1, В-2 дәрумендері, калий, мыс, және магний болады. Тұңғиықтың тамыр сабағы тыныс алу аппаратының жұмысы бұзылғанда ем болады. Өсімдіктерінде улы зат —нелюмбин бар.

Тұңғиық гүлдері судың бетінде қалқып тұрады. Ақ немесе қызғылт түсті күлтежапырақтары-ұзын,сына тәріздес, бірнеше қабаттан тұрады. Тұңғиық-көне көне символдардың бірі, ол өміршеңдіктің, денсаулықтың, ар-намыс пен табыстың символы болып келеді.

Алматылықтар тұңғиық гүлдерін Бас ботаникалық бақтан көрулеріне болады. 

Фото: Досжан Балабекұлы / Қазақ газеттері

8237 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз