Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 28 Тамыз, 2022

Эмоция мен көңіл-күйді қалай басқаруға болады? 

Эмоцияны тым басып тастамай немесе керісінше тым эмоцияға беріліп кетпей, бақылап, басқарып үйрену керек. Себебі, көңіл-күйдің көтерілуі мен ішкі жан тыныштықты сақтау, өзіңді бақытты сезіну құпиясы, кілті - осы эмоцияны басқара білуде. 

Эмоцияны басқару деген - ашуланбау. Ашу шақыратын мәселеден қашып, өзіңді қинаудың керегі жоқ. Сол қиындықты қабылдай білу керек. “Солай болу керек болды. Мұның да шешімі бар!” деген ойды серік етіңіз. Эмоцияға беріліп, көңіл көтерем деп қыдырып, ішімдік ішіп, антидепрасснт дәрілерге жүгінудің мүлде керегі жоқ. Олар проблеманы тек тереңдетеді. 

Сол сияқты сезімге қатысты да, сезімді тұншықтырып, өзімізге де мойындауға жүрексініп қашып жүруге болмайды. Сезімімізбен достасуымыз керек. Бұл өзімізді тануға, шын мәнінде өзіміздің қалыптасуымызға, дұрыс жолды таңдауымызға көмектеседі. Бұл оңай емес. Көп еңбектенуді қажет етеді. Өзімізді үздіксіз, жан-жақты дамыта беруіміз керек. Ол міндетті түрде нәтиже береді! 

Позитив ойлау кез келген қиын жағдайда өзіңізге сенімділік сыйлайды. Жақсы ойлар стрессті  жеңуге мүмкіндік береді. Кез келген проблемаға оптимистік көзқараспен қарайтын боласыз. Үнемі жақсы ойлау - көңіл-күйіңіздің көтеріңкі болуына, эмоцияңызды басқаруға көмектеседі. 

 

Аударма

psyhologchannel каналынан

 

2537 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз