- Инфографика
- 01 Қыркүйек, 2022
Азық-түлік тауарларының бағасы 20,8%-ға өсті
2022 жылғы тамызда инфляция жылдық есептеуде – 16,1%, бір айда 1,4% құрады, деп хабарлайды stat.gove.kz
2022 жылғы тамызда азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы тамызбен салыстырғанда 20,8%-ға өсті, азық-түлікке жатпайтын тауарларға 15,5%-ға, ақылы қызметтерге 10,1%-ға көтерілді.
Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаның өзгеруі
пайызбен, өсуі
|
2022 жылғы тамыз |
Анықтама: 2022 жылғы шілде |
|||
2021 жылғы тамызға |
2021 жылғы желтоқсанға |
2022 жылғы шілдеге |
2021 жылғы |
2022 жылғы |
|
Тауарлар мен қызметтер |
16,1 |
13,3 |
1,4 |
15,0 |
1,1 |
Азық-түлік тауарлар |
20,8 |
18,0 |
1,0 |
19,7 |
1,0 |
Азық-түлік емес тауарлар |
15,5 |
11,9 |
1,8 |
14,2 |
1,5 |
Ақылы қызметтер |
10,1 |
7,9 |
1,6 |
9,2 |
0,8 |
Азық-түлік нарығында жылдық мәнде баға айтарлықтай құмшекерге – 92,8%, басты пиязға – 46,9%, ұнға 41,4% өсті. Қызылша бағасы 12,4%, сәбіз 11,6% төмендеді.
Бағаның өсуі (тамыз 2021ж.-тамыз 2022ж., өсім, пайызбен) |
|
92,8% құмшекер |
24,7% алмұрт |
46,9% басты пияз |
23,3% салқындатылған сусындар |
41,4% ұн |
22,7% кондитерлік өнімдер |
35,7% макарон өнімдері |
21,7% пастерленген сүт |
32,7% жармалар |
20,9% банандар |
29,0% қатты ірімшік |
18,4% нан, сары май |
27,9% құс еті |
18,1% шұжық өнімдері |
27,5% тоқаш және ұн өнімдері |
15,5% жылқы еті |
27,2% минералды және ас су |
15,0% темекі өнімдері |
26,4% қышқыл сүт өнімдері |
12,4% қой еті |
26,1% кептірілген жемістер мен жаңғақтар |
11,9% күнбағыс майы |
2022 жылғы тамызда (2021 жылғы тамызға) азық-түлікке жатпайтын тауарлардың баға өсімі 15,5% құрады. Баға деңгейі кеңсе тауарларына – 60,5%, мектеп сөмкесі, оқушылар рюкзагына – 44%, жеке қолданылатын тауарларға – 28,4%, жуу және тазалау заттарына – 26,6%, тұрмыс құралдарына – 24,2%, құрылыс материалдарына – 20%, балалар аяқ киіміне – 19,6%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 19,2%, ыдыс-аяққа – 16%, балалар киіміне – 15%, автомобильдерге – 14,6%, тоқыма бұйымдарына – 11,3%, фармацевтика өнімдеріне 10,7% өсті.
Бір жылда (былтырғы және биылғы тамызға) ақылы қызметтер бағасы 10,1% өсті. Баға деңгейі кешенді демалу ұйымдарына – 20,1%, қоғамдық тамақтану қызметтеріне – 18,4%, санаторий қызметтеріне – 15,3%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 14,9%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 13,8%, қонақ үй қызметтеріне 6,9% өсті. Жолаушылар көлігі қызметтері 5,7% қымбаттады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер электр қуатына, қоқыс шығаруға – 3,7%-дан, суды бұруға 1,6% жоғарылады, ал орталықтан жылытуға – 2,3%-ға, ыстық суға 0,9%-ға төмендеді.
Бюро статистикалық ақпарат пайдаланушылары үшін инфляция бойынша барлық деректермен танысуға мүмкіндік беретін арнайы интерактивті дэшборд әзірледі.
«Бюро ай сайын инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткішін есептейді. Біз жалпы алғанда 508 позиция бойынша қызметтер мен тауарлардың тарифтер мен баға өзгерісін бақылаймыз. Біз әзірлеген дэшбордта 2018 жылдың қаңтарынан бастап ай сайынғы инфляция деңгейін, тауарлардың топтастырылуын, мониторинг жүргізілетін сауда орындары бойынша мәліметтерді көруге болады. Сонымен қатар, жылдық инфляциядағы тауарлар мен қызметтердің салымы бойынша өзгерістерді бақылауға болады. Бұл ақпарат әсіресе сарапшылар үшін қажет. Қазақстандықтар инфляция көрсеткішін өз өңірі бойынша бақылап, сұранысқа ие тауарлар бағасының өсімін көре алады», – дейді бюроның баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлы.
Фото: көрнекі
1458 рет
көрсетілді0
пікір