Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 10 Қыркүйек, 2022

НЕНІ ҚАЙ КЕЗДЕ ІШІП-ЖЕГЕН ЖӨН?

СҮЗБЕ (творог)
Қай кезде жеу керек: күндіз. Тамақты қорытуға септігін тигізеді, ас қорыту үдерісін жеңілдетеді.
Қай кезде жеуге болмайды: түнде. Әсіресе суық тиюге бейім болсаңыз, өйткені ол шырыш бөлінуіне әсер етеді. 

КҮРІШ
Қай кезде жеу керек: ланчта (сағат 11 кезіндегі екінші таңғы ас). Күндіз метаболизм деңгейі жоғары болатындықтан көмірсудың қорытылу мүмкіндігі де көбірек.   
Қай кезде жеуге болмайды: түнде. Денедегі майдың қыртыс-қатпарларына сіңіп қалады. 

АЛМА
Қай кезде жеу керек: таңертең. Қабығында тамақты қорытуға септігін тигізіп, ас қорыту үдерісін жеделдететін пектин көп болады. Сондай-ақ  кейбір канцерогендерді жояды.  
Қай кезде жеуге болмайды: кешке және түнде. Алмадағы табиғи қышқылдар асқазандағы жағымсыз әсер тудыратын қышқыл деңгейін арттырады. Сондай-ақ пектин түнде асқазанға артық салмақ түсіреді.

ТӘТТІЛЕР
Қай кезде жеу керек: таңертең. Инсулин қантты бәрінен де таңертеңгі мезгілді жақсы ыдыратады, сонымен қатар күні бойы артық калорияны жоюға мүмкіндігіңіз болады.  
Қай кезде жеуге болмайды: түнде. Майға сіңе береді және ас қорыту үдерісін ауырлататындықтан түнгі ұйқыңызды бұзуы мүмкін.

ӨРІК (абрикос)
Қай кезде жеу керек: таңда ертемен. Өрік метаболизмді күшейтіп, ас қорыту жүйесінің жұмысын «қыздырады».
Қай кезде жеуге болмайды: кешке және түнде. Өрікті тым кеш, түнге қарай жеу астың қорытылуына байланысты түйткіл туындатуы мүмкін, мәселен асқазанда газ бөлінуін күшейтіп жіберуі ықтимал. 

БАНАН
Қай кезде жеу керек: түс кезінде. Тамақты қорытуға септігін тигізеді, қыжылды бәсеңдетеді. Жалпы пайдалы әрі нәрлі. 
Қай кезде жеуге болмайды: түнде. Тамағыңызда шырыш бөлінуіне әсер етіп, жөтел пайда болуына «септігін тигізеді». Сондай-ақ бананның құрамында  магний көп болады – ал ол асқазаныңызға жақпайды, әсіресе қарныңызда одан басқа түк болмаса.  

ІРІМШІК (сыр)
Қай кезде жеу керек: таңда ертемен. Вегетариандар үшін ол әбден-ақ еттің орнын баса алады. Ірімшікті орнымен жей білсеңіз, артық салмақтан  арылуға да сеп болады. 
Қай кезде жеуге болмайды: тым кеш, түнге қарай. Калориясы өте көп тамақ болғандықтан, одан «қарныңыз шығып кету» қаупі зор. 

ЕТ
Қай кезде жеу керек: түс кезінде. Ет ұзақ әрі баяу қорытылады. Бірақ күшіңізді арттырады, қимыл-қозғалыс кезінде тәнге қуат беріп, табиғи күшіңізді жұмылдыруға септеседі. 
Қай кезде жеуге болмайды: кешке және түнде. Етті тым кеш жеген ауыр болады, ұйқыңыздың бұзылуына әсер етеді. 

СҮТ
Қай кезде ішу керек: түнге қарай. Әсіресе жылы сүт адамды жайландырып, тезірек ұйықтап кетуге септігін тигізеді.  
Қай кезде ішуге болмайды: таңертең. Асқазаныңызға таңмен тым көп күш түсіретіндіктен, басқа тамақ тұтынуға ол кедергі жасауы мүмкін. Тек ауыр жұмыс істер алдында ішем демесеңіз... 

АСБҰРШАҚ (горох) ПЕН АТБАС БҰРШАҚ (бобы)
Қай кезде жеу керек: кешке. Құрамында ас қорытуға көмектесетін жасұнық (клетчатка) мол. Жеңіл тамақ болғандықтан ұйқыны бұзбайды, керісінше жақсартады. 
Қай кезде жеуге болмайды: таңертең. Тәбет ашады, сондықтан араныңыз ашылып кетіп, үсті-үстіне шайнаңдай беруіңіз мүмкін. 

ЖАҢҒАҚ
Қай кезде жеу керек: кешке. Құрамында Омега-3 сияқты майлар мен миға жақсы әсер ететін антиоксиданттар көп.
Қай кезде жеуге болмайды: таңертең, түсте, түнде. Бұл кездерде жаңғақ жеген онша тиімді емес. Оны (жаңғақты) бұлай бекер құртудың қажеті жоқ. 


Орысша басылым материалынан аударған

Батырболат Айтболатұлы

 

2598 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз