Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 11 Қыркүйек, 2022

Алматы облысындағы тауларда жоғары өрт қаупі сақталуда

Алматы облысындағы Іле Алатауы, Күнгей Алатауы және Кетпен жотасында ең жоғары өрт қауіпінің бесінші деңгейлі сыныбы бекітілген,-деп хабарлайды kazgazeta.kz тілшісі.

Таулы аймақтардағы өрт қауіпсіздігін қадағалауда «Қазавиаорманқорғау» РМҚК қызметкерлері таңнан кешке дейі авиа бақылау жүргізеді. Орманда түтін шығып, өрт бола қойған жағдайда авиорманқорғаушылар жердегі орман күзеті мен ТЖД-не шұғыл ақпарат жібереді. Ал аталған мекеменің десантшылары өртті сөндіруге қолайсыз, тік беткейлерге бірінші санатты тікұшақпен жедел ұшып жетеді. Оларды қосымша жердегі орман күзеті толықтырады. Дегенмен, ауқымды орман өртін сөндіру жұмыстары кәсіби дайындықтан бөлек, маман тапшылығын да көрсетіп отыр. Сондықтан, қазір орман күзетіндегі қызметкерлердің жалақы мәселесін көтеру де өзекті жұмыс.

«Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиа бөлімшесінің кезекті әуе бақылауына біз де қатысып қайтқан едік. Сапарда тау-тасты орманды аймақты күзетуде ұзақ жылдық тәжірибесі бар, кәсіби бақылаушы-ұшқыш, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК Басшысының орынбасары Талғат Алиев орман өртінің басым көпшілігі антропогендік жағдайлардан орын алатындығын айтты. «Өрттер көбінесе көктем, күз айларында жиі орын алады. Әсіресе, төтенше өрт жағдайы демалыс күндері тіркеледі. Бұл адамдардың табиғат аясынд серуендеуімен қатар, ондағы жауапсыздықтарынан да байқалады. Кейде байқамай, енді бірде қасақана өрт қояды. Мұның барлығы антропогендік жағдайлар.

Еліміздің орман қорына үлкен залал келіп жатыр. Қостанайдағы, Марқакөлдегі жалын жалмаған жерлерді қалыпына келтіруге 70 жылдан аса уақыт кетеді. Биылғы жылы 4-ші қыркүйекке дейінгі аралықта еліміздегі мемлекеттік орман қорының аумағында 674 орман өрті тіркелді. Жалпы аумағы-37 мың гектардан асады. Оның ішінде орманды алқап 6 мың гектардан жоғары. Сондықтан, орман қорын қорғауда әркім өз жауапкершілігі мен болашағын ойлағаны абзал. Табиғатымызды, жер-анамызды өрттен сақтайық!»,-дейді Талғат Алиев.

Мамандардың айтуынша, дала және орман өртінен шірудің табиғи процесі бұзылып, топырақтың құнарлығы азаяды. Өрт кезінде жәндіктер, соның ішінде өсімдіктерді тозаңдатқыштар, топырақтың пайдалы микроағзалары жанып кетеді. Тіпті,  жан-жануарлар да қызыл жалынның құрбаны болуда. Оны күні кеше ғана болған Қостанайдағы алапат орман өрті көрсетіп кетті. Сондықтан орманды қорғау - өзімізді қорғау. Өйткені, ол сіз бен біздің денсаулығымздың кепілі, тынысымыз, өмірлік құндылығымыз.

Өрт қауіпті маусымда орманда тыйым салынады: Орман күзеті көрсетілмеген және арнайы жабдықталмаған жерлерде от жағуға; Бөтелкелерді, шыны сынықтарды және басқа қоқыстарды қалдыру; Темекіні, жанып жанып жатқан сіріңкені тастауға; Техникамен ұшқын өшіргішсіз орманға бару.

Досжан Балабекұлы

Суреттерді түсірген автор

7407 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз