Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 14 Қыркүйек, 2022

Индер ауданына жаңа әкім тағайындалды

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен Индер ауданына жаңа әкім тағайындалды. Бұл лауазымды атқару Дарын Шамұратовқа жүктелді.

Облыс әкімі Серік Шәпкенов Индер аудандық мәслихатының депутаттарына ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды. Аудандық мәслихаттың депутаттары жаңа әкім Дарын Шамұратовтың кандидатурасын қолдап, дауыс берді.

Дарын Дүйсембайұлы 1986 жылы 16 желтоқсанда Атырау облысы, Индер ауданы, Бөдене ауылында дүниеге келген. 2004 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «география пәнінің мұғалімі», 2012 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Индер ауданындағы Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған.

2009-2012 жылдары Индер ауданы әкімі аппаратында жалпы бөлімнің бас маманы, Индер ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімнің басшысы лауазымын атқарған.

2012-2017 жылдары Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2017-2021 жылдары Индер ауданы әкімінің орынбасары болған.

Ал 2021 жылғы наурыздан осы тағайындауға дейін Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

Осы кезге дейін Индер ауданының әкімі лауазымын атқарған Салауат Өтеғұлов басқа жұмысқа ауысты.

Фото: gov.kz

1149 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз