- Шартарап
- 21 Қыркүйек, 2022
Пәкістан мен Иранға астық экспортталуы мүмкін

Премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жүманғарин бидай экспортының аясын кеңейту шаралары туралы мәлімет берді.
«Өздеріңіз білесіздер, бізде бұған дейін астық экспортына тыйым салынды. Бірақ, біз фермерлерге пайда табуға мүмкіндік беру үшін оны алып тастадық. Қателеспесем, 10 қыркүйектен бастап алынды. Қазіргі таңда бізде астық жеткілікті. Оның үстіне, Азық-түлік корпорациясы да сатып алды. Сол себепті, бидайға қатысты ешқандай қауіп жоқ», - деген министр бидайды экспорттайтын елдер тізімі кеңеюі мүмкін екенін айтты.
«Самарқанда болған кезде Президент Пәкістан және Иран басшыларымен кездесу өткізіп, нақты тапсырмалар берді. Кеше осы екі елмен жиналысқа дайындық жасадық. Келесі аптада сөйлесеміз. Ол кезде астық жеткізу ғана емес, көлік логистикасын кеңейту, сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша үкіметаралық комиссияның жұмысын оңтайландыру сияқты кешенді мәселелер талқыланады», - деді Серік Жұманғарин.
Айта кетерлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі 14 қыркүйектен бастап бидай пен ұн экспортына шектеулерді алып тастады .

1000 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *