Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 21 Қыркүйек, 2022

Қазақстан барысы Мақсат Исағабылов әлем кубогында жеңімпаз атанды

Биыл «Қазақстан барысы» атанған қызылордалық балуан Мақсат Исағабылов Румынияның Констанца қаласында өткен қазақ күресінен әлем кубогында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Kazgazeta.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әлем кубогына дүниежүзінің 15 мемлекетінен балуандар келді.

Тартысты өткен бәсекеде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальмен бірге ақшалай сыйлық берілді.

Еліміздің үздік балуаны Мақсат Исағабыловқа 100 келіден жоғары салмақта қарсылас шақ келген жоқ.
Жүлде тігілген сегіз салмақтың жетеуінде қазақстандық спортшылар мықты екенін көрсетті.
Олардың қатарынан Бекжан Төлепов, Марат Нығматуллаев, Нұрболат Мырзанов, Сафуан Мұратбеков, Еламан Қойшыбаев пен Әсет Ахметжанов чемпион атанды.

Ал 100 келіге дейінгі салмақта Еркінбек Бөлен камерундық Доласем Дьэдоннеге жол беріп қойды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Жәмила Бақбергенова мен Азамат Дәулетбеков еркін және әйелдер күресінен әлем кубогына шақырту алған еді.

545 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз