Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 22 Қыркүйек, 2022

Доллар 480-487 теңге аралығында саудаланып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 480-487 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 480-484 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар бағамы 481,5-487 теңге аралығында құбылып тұр.

21 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,10 теңгеге қымбаттап, 477,86 теңге болған.

Ұлттық банктің 22 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 477,73 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,35-7,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.

427 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз