Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Қыркүйек, 2022

Доллардың ресми бағамы айтылды

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта көтерілді, - деп хабарлайды  kazgazeta.kz Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 3,43 теңгеге көтеріліп, 481,29 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 22 қыркүйектегі ресми бағамы - 477,73 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 481,72 теңге, сату – 486,05 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 480,36 теңгеден сатып алынып, 484,41 теңгеден сатылып жатыр.

310 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз