Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Қыркүйек, 2022

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнап, солтүстік-шығыс бағыттан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Алматы қаласында күндіз найзағай ойнайды.

Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с жел соғады. Атырау қаласында күндіз найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні – 15-20 м/с.

Қарағанды облысының шығыс жартасында төтенші өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауптілігі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с жел соғады.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Павлодар облысының орталығында, Павлодар қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

171 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз