Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 23 Қыркүйек, 2022

Футбол тарихындағы ұлттық құраманың тарихи жеңісі

УЕФА Ұлттар лигасының маңызды ойынында Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Беларусь футболшыларын қабылдап, 2:1 есебімен тарихи жеңіске жетті.

Ойында есеп ашқан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Михаил Габышев болатын. Алайда, үзіліске санаулы секундтар қалғанда қарсыластың ойыншысы Павел Савицкий жоқ жерден таразы басын теңестірді. 

Екінші таймның соңына қарай қарсыластың қателігін пайдаланған қазақстандық футболшылар есепте алға шықты. Жеңіс голының авторы – Бактиер Зайнутдинов.

Осы жеңістен соң Қазақстан құрамасы өз тобында жеңімпаз атанып, УЕФА Ұлттар лигасының «В» лигасына шықты. Сонымен қатар біздің футболшылар 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінің жолдамасына таласу құқығына ие болды.

 

Қазақстан – Беларусь – 2:1 (1:1)

Голдар: Габышев 29, Зайнутдинов 79 – Савицкий 45+3

Ескерту: Зайнутдинов 10, Тағыберген 39, Дарабаев 49, Астанов 90+2 – Печенин 42;

Алаңнан қуылған ойыншы: Тағыберген 90+4;

Қазақстан: Шацкий, Вороговский, Әліп, Марочкин, Малый, Габышев (Қайыров 68), Тағыберген, Дарабаев, Зайнутдинов (Қуат 87), Оразов (Астанов 75), Айымбетов (Жұмабек 87);

Беларусь: Хаткевич, Печенин, Юденков, Швецов, Поляков, Эбонг, Яблонский, Климович (Лисакович 61), Шевченко (Малькевич 84), Савицкий (Громыко 76), Богомольский (Бахар 61);

Төреші: Хорациу Фесник (Румыния)

22.09.2022. Астана, «Астана Арена». 29 637 жанкүйер.

20008 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз