Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 23 Қыркүйек, 2022

Көкшетауда жылу тарифі көтерілді

Көкшетауда жылу тарифі көтерілді. Осыған байланысты қала тұрғындары жылу ақысын - 20 пайызға, бюджеттік ұйымдар - 12 пайызға және заңды тұлғалар - 15 пайызға артық төлейтін болды. Бұл туралы «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорны бас директорының орынбасары Асқар Нұрмағанбетов айтты.

Кәсіпорын басшылығының айтуынша, жылу тарифін көтеруге көмірдің бағасы мен тасымалдау құнының өсуі себеп болып отыр.

«2022-23 жылдардағы жылыту маусымына стратегиялық тауарлар - Екібастұз көмірінің (5877 теңге жеткізумен) және Майкөбе көмірінің (12 481 теңге) құны 30 пайызға артты, сондай-ақ көмір тасымалдау құны (443 млн теңге) өсті. Бұл себептер тарифтік смета бойынша жылдық шығынды арттырады», - деді Асқар Нұрмағанбетов.

Кәсіпорын орташа босату тарифін 15,28 пайызға және сараланған тарифтер жобасын ұлғайтуға өтінім берді.

Сол арқылы жылу тарифі тұрғындар үшін - 20 пайызға, бюджеттік ұйымдар үшін - 12 пайызға және заңды тұлғалар үшін - 15 пайызға өсті.

Жаңа тариф 2022 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып бекітілді.

«2021 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік смета бойынша жылу энергиясын өндіруге жұмсалған нақты шығындар 5,8 млрд теңгеден асты, ал сатылған жылу энергиясы үшін нақты кірістер - 3,1 млрд теңгені құрады, яғни кәсіпорын табыстың 32 пайызын ала алмады. Кәсіпорынның кредиторлық берешегі шамамен 1,5 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 1,3 млрд - сот талаптары бойынша берешек. Бұл ретте тұтынушылардың 120 млн теңге мөлшерінде дебиторлық берешегі бар, оның ішінде тұрғындардың өткен жылыту маусымдары үшін 80 млн теңгеден астам қарызы бар. Мұның бәрі кәсіпорынның қызметі мен қаржылық-экономикалық жағдайына теріс әсер етеді», - деп толықтырды Асқар Нұрмағанбетов.

701 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз