Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 24 Қыркүйек, 2022

Головкин мен Канелоға ресми түрде рингке шығуға шектеу қойды

18 қыркүйекте таңертең Лас-Вегаста Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен Сауль «Канело» Альварес (58-2-2, 39 КО) арасында үшінші жекпе-жек өтті. Онда екінші орта салмақтағы әлем чемпионының барлық негізгі титулдары сарапқа салынды, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Айқас 12 раунд жалғасып, төрешілердің бірауыздан шешімімен Альварес жеңіске жетті. Бұл Головкиннің мансабындағы екінші жеңілісі. Бұған дейін ол 2018 жылы да «Канелодан» жеңілген болатын.

Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) айқастан кейін екі қарсыласқа да шектеу қойып, белгісіз уақытқа дейін рингке шығуға тыйым салды. Бұл шара медициналық сипатқа ие.

Фото: GETTY IMAGES

494 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз