Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 25 Қыркүйек, 2022

Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 25 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

ҚР аумағының басым бөлігі әлі де, ауқымды антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын–шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында, Қарағанды облысының шығыс жартысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының басым бөлігінде, Алматы облысында жоғары өрт қаупі сақталады.

425 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз