Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Қыркүйек, 2022

Машина жасаудағы өндіріс көлемі 6 есеге артқан – министр

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев машина жасау саласының қызметкерлері мен ардагерлерін құттықтады.

Сіздерді Машина жасаушылар күнімен құттықтаймын!   Машина жасау саласы еліміздің өңдеуші секторында жетекші рөл атқарып, экономиканың дамуына елеулі үлес қосып келеді. Бүгінде аталған сала индустриялық даму бағдарламаларының басым бағыты ретінде айқындалып отыр, - деді ол.

Индустрияландыру жылдары машина жасаудағы өндіріс көлемі 376 млрд теңгеден өткен жылы 2,3 трлн теңгеге дейін ұлғайып, 6 есеге артқан. 

Жаңа заманның сын-қатерлері өндірістік ынтымақтастықты нығайтуды, өнімді қайта өңдеу дәрежесін тереңдетуді және инновациялық технологияларды енгізуді талап етеді. Осы ретте Сіздерге алға қойған мақсаттарыңызға жетуге мүмкіндік беретін кәсіби дағдыларыңыз, тәжірибелеріңіз бен біліктіліктеріңіз жеткілікті деп санаймын. Бойларыңызға сарқылмас күш-қуат, отбасыларыңызға амандық тілеймін, - деді министр.

 

383 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз