Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 25 Қыркүйек, 2022

Халық –дана, халық-анаң, ақылшың

Мықтымыз деп мақтануға құмармыз,

Өзімізше бәйтерекпіз, шынармыз.

Берекені бәрімізбен бөліскен,

Халық деген құдіретке мың алғыс!

 

Құдайдан соң халық тұрсын, есіңде,

Халық үнін жүрегіңнен өшірме,

Сол халықтың ықылас пен батасы,

Орден, медаль жарқыраса, төсіңде.

 

Бәрімізде қам сүт ішкен адамбыз,

Өмір сүріп жүргендейміз алаңсыз.

Сол халықтан алудай-ақ аламыз,

Ал беруге келген кезде сараңбыз.

 

Әкім болсаң, сол халықпен әкімсің,

Халық –дана, халық-анаң, ақылшың.

Сол халыққа деген сенің құрметің,

Жүрегіңнің түкпірінен табылсын.

 

Халық бізді келе жатыр көтеріп,

Парызымыз бітпес сірә, өтеліп.

Қызмет етіп жүргендейміз халыққа,

Әкім болсаң, өп-өтірік жөтеліп.

 

Халық саған, сен халыққа қажетсің,

Өмір шіркін, бәрімізді мәз етсін.

Халық қамын ойлу керек, бірақта,

Тоймай тұрып ойлағанға не жетсін?

 

Халық үшін арқаға жүк артыңыз,

Қарыздармыз сол халыққа жалпымыз.

Бәрімізді желеп-жебеп жүретін,

Аман болсын, құдіретті халқымыз!

Бауыржан Оңғарбаев, «Алпамыс батыр» республикалық қоғамдық қорының президенті,

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,

Жетісай қаласының құрметті азаматы.

782 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз