Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 26 Қыркүйек, 2022

Бибісара Асаубаева қарсыласымен тең түсті

Шахматтан ФИДЕ (WGP) әйелдер арасындағы Гран-при жарысының бірінші кезеңі жетінші турында қазақстандық Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік кезекті ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған турда Бибісара Асаубаева ресейлік Полина Шуваловамен т ең түссе, сол елден келген Александр Костенюкке есе жіберді.

Қазір Бибісараның еншісінде 1 жеңіс, 5 тең ойын, 1 жеңіліс бар. Турнир кестесінде жетінші орында тұр. Сегізінші орында келе жатқан Жансая 1 мәрте жеңіске жетсе, 4-еуін тең, 2-еуін жеңіліспен аяқтады.

Сегізінші турда Б.Асаубаева қытайлық Тань Чжунъи, Ж.Әбдімәлік үндістандық Рамешбабу Вайшалимен шеберлік байқасады.

Фото: ©FIDE

571 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз