Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 26 Қыркүйек, 2022

Александр Бублик ATP рейтингінде үш сатыға көтерілді

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемнің үздік теннисшілері рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Мецтегі турнирдің финалына шыққаннан кейін үш сатыға көтеріліп, рейтингте топ-40 қатарына енді. Бірақ Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Денис Евсеев, Бейбіт Жукаев және Григорий Ломакин рейтингте төмендеді. Попко Қазақстанның үшінші ракеткасы атанған Тимофей Скатовты алға жіберді.

Жұптық рейтингте қазақстандық Андрей Голубев 50-орыннан 52-орынға, ал Александр Недовесов 59-орыннан 60-орынға төмендеді.

ATP рейтингі. 26 қыркүйектегі орындар
1 (0). Карлос Алькарас (Испания) – 6740
2 (0). Каспер Рууд (Норвегия) – 5850
3 (0). Рафаэль Надаль (Испания) – 5810
4 (0). Даниил Медведев (Ресей) – 5065
5. (0). Александр Зверев (Германия) – 5040
6 (0). Стефанос Циципас (Грекия) – 4810
7 (0). Новак Джокович (Сербия) – 3570
8 (0). Кэмерон Норри (Ұлыбритания) – 3550
9 (0). Андрей Рублев (Ресей) – 3390
10 (+1). Янник Синнер (Италия) – 3200
41 (+3). Александр Бублик (Қазақстан) – 985
218 (-4). Михаил Кукушкин (Қазақстан) – 235
233 (+9). Тимофей Скатов (Қазақстан) – 217
235 (-16). Дмитрий Попко (Қазақстан) – 215
270 (-7). Денис Евсеев (Қазақстан) – 183
326 (-6). Бейбіт Жукаев (Қазақстан) – 147
871 (-1). Григорий Ломакин (Қазақстан) – 16

Фото atptour.com

391 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз