Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 26 Қыркүйек, 2022

Тамара Дүйсенова этникалық қазақтарға берілетін Қазақ картасының артықшылықтарын түсіндірді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова этникалық қазақтарға берілетін Қазақ картасының артықшылықтарын түсіндірді.

Айта кетейік, шетелдегі қандастардың тарихи отанымен байланысын нығайту үшін оларға Қазақ картасы беріледі. Бұл картаның иесі саяси құқықтарды қоспағанда, тұру құқығымен бірдей болатын елге жеңілдетілген кіру құқығын (бизнес ашу, жылжымайтын мүлікке және басқа мүлікке иелік ету, қаржылық операцияларды жүргізу) иеленеді.

«Қандастарымыз жөнінде еш мәселе жоқ. Олардың келуі бүгінгі таңда қолданыстағы заңда толық қамтылған. Сонымен бірге, шетте жүрген, өз бизнесі бар, бірақ елмен тарихи байланыста болғысы келетін этникалық қазақтар да бар. Сондықтан Қазақ картасы деген әлемдік тәжірибеде бар карталардың бірін қолданбақшымыз. Ондағы негізгі түйін – егер шетелдегі этникалық қазақ сол елде тұра берем, бірақ еліме келіп, бизнес ашып, өз елімнің дамуына үлес қосам десе, олардың келіп-кетуіне толық мүмкіндік беріледі және жеңілдетілген визалар беріледі, 10 жылға дейін уақытша тұру мүмкіндігін алады», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Фото: el.kz

457 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз