Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 26 Қыркүйек, 2022

Министр төрт күндік жұмыс аптасына көшуге пікір білдірді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова төрт күндік жұмыс аптасына көшуге пікір білдірді.

«Бүгінде бұл тәжірибе бар. Пандемия кезінде жұмыстың ерекшелігіне байланысты біреу төрт күн, біреу бес, біреу алты күн жұмыс істеді. Ең бастысы, жалақы есептелетін сағаттың нормативін жоғалтпауымыз керек», - деді Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еңбек министрінің айтуынша, еңбекақы нормативін қамтамасыз ету маңызды.

«Сондықтан біз арнайы икемді жұмыс режимін көрсеттік, бұған тыйым салынбайды. Еңбекақы нормативін қамтамасыз етуге болады және ету де керек, яғни ең төменгі жалақыдан төмен болмауы қажет. Екіншісі –жалақы төмендемеуі үшін сағат нормативі қажет. Сондықтан, бұл адамдарға ыңғайлы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін икемді әдістердің бірі. Қазір платформалық жұмыспен қамту осы мәселе бойынша жарқын мысал бола алады», - деді министр.

372 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз