Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 26 Қыркүйек, 2022

Бізде баспана жалдау нарығы соңына дейін реттелмеген-Тамара Дүйсенова

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова баспананы жалға беру құнының қымбаттауна қатысты пікір білдірді.

«Жалпы, бізде баспана жалдау нарығы соңына дейін реттелмеген және оның басым бөлігі –көлеңкеде жатыр. Бұл мәселені қарау және өз ұсыныстарын енгізу үшін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне арнайы жеке тапсырма берілген. Жақында агенттік осы бағыт бойынша өз ұсыныстарын береді деп ойлаймын. Менің жеке пікірім – иә, бұл пәтер иелерінің де, жалға алушылардың да мүдделері қорғалатындай етіп реттелуі керек», - деді Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, бұл пәтерді кімге, қаншаға жалға беру керек дегенді білдірмейді, нарық ретінде реттеу қажет.

«Жалдау тізілімі құрылып, қанша пәтер жалға берілетіні, олардың қанша салық төлегені, мүдделерін қаншалықты қорғау қажет болатыны түсінікті болса деймін. Мысалы, пандемия кезінде бизнесі тоқтап қалғандықтан қанша адам мемлекеттен көмек алды. Осы тұрғыдан реттелуі қажет деп оаймын, мемлекеттің де, осы бизнеспен айналысатын адамдардың мүдделері қорғалуы керек», - деді Тамара Дүйсенова.

Фото: Досжан Балабекұлы

438 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз